Abstract:
Мақалада ХХ ғасырдың алпысыншы жылдарынан бастау алып, кешегі кеңестік, бүгінгі ТМД елдерінде тоқсаныншы жылдары келіп, қазіргі философияда, мəдениетте, социологияда, лингвистикада, əдебиетте жəне т.б. көптеген ғылым салалары мен өнерде ең жиі қолданылып жүрген постмодернизм құбылысы сөз болды. Постмодернистік құбылыстардың əдебиеттегі көріністерінің тарихы мен белгілері қысқаша баяндалып, постмодернизмді зерттеуші-ғалымдардың пікірлері
сараланады. Сонымен қатар əлем əдебиетіндегі өзіндік орны бар қаламгерлердің шығармалары мысалға алынды.