Abstract:
Мақалада нарықтық экономика жағдайындағы екінші деңгейлі банктердің халықты несиелендірудегі ерекшеліктері қарастырылған. Авторлар екінші деңгейлі банктердің несие қоржыны құрылымын талдаған. Мақалада тұрғындарды несиелендіру түсінігінің жүйесі, оның элементтері мен құрылымдары, ұйымдастыру қағидаттары анықталған. Тұрғындарды несиелендірудің ұйымдастыру жүйесі мен банк қызметін ыынталандырудың жетілдіру жолдары əзірленген. Тұрғындарды банктік несиелендірудің түрлері мен нысандарын жетілдірудің бағыттары көрсетілген.