Abstract:
Мақалада Қазақстан Республикасының экономикасына шет елдерден тартылатын инвестицияның
жағдайы талданған. Инвестиция тартудың жəне оның қолдануын мемлекеттік реттеудің негізгі
бағыттары айқындалған. Экономикалық əлеуетті жоғарлату үшін Қазақстанда жағымды инвестициялық ахуалды қалыптастыру қажет болып отыр. Мемлекеттің экономикасының дамуына əсер ететін маңызды факторлардың бірі инвестициялық саясатты қалыптастыру болып табылады. Ел экономикасына шет ел инвестициясын тартудың жəне жағымды инвестициялық климатты орнатуда мемлекеттің негізгі мақсаты болып отырған көрсетілген əлеуметтік, саяси, экономикалық жаһандану жəне дағдарыс жағдайында мемлекет алдында тұрған маңызды мəселе айқындалды. Инвестициялық жобалардың дамуында қолданылатын стратегиялық мақсат белгіленді. Шетел инвестициясын тартуда мемлекеттің белсенді болуына қажетті модельдің қажеттілігі қарастырылуда. Жылдар бойы тартылған шетел инвестицияларының жалпы пайдасының құрылымы мен көлемі толық талданғаны көрсетілген. Соңғы он екі жылда ел экономикасына тартылған инвестиция бойынша іс-шаралардың бағдарламалары көрсетілген.