Abstract:
Мақалада калий сульфаты ерітіндісінде айнымалы токпен поляризациялау кезіндегі никель электродының электрохимиялық қасиеттері алғаш рет зерттелді. Никельдің еру процесіне айнымалы жəне тұрақты ток тығыздықтарының, калий сульфаты концентрациясының, электролит темпера-
турасының жəне айнымалы ток жиілігінің елеулі əсер ететіні көрсетілді. Никель электродтарының химиялық еруі айнымалы токпен поляризациялау кезінде тұрақты токпен салыстырғанда 30 есеге дейін артатындығы анықталды.