Abstract:
Мақалада Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында жəне оның кезінде Ресей империясы жағдайында
Батыс Қазақстанның мұнай саласына шетелдік капиталдың ену тарихы қарастырылған. Мақаланың
кіріспе бөлігінде авторлар қазіргі кезеңдегі шетелдік компаниялардың рөлі мен қызметін қарастырған
жəне бұл Батыс Қазақстанның мұнай саласына шетелдік капиталдың ену тарихын зерттеудің
өзектілігін көрсетеді. Авторлар шетелдік капиталдың Батыс Қазақстанның мұнай аймақтарына ену
жолдарын қарастырған, шетелдік компаниялардың құрылу кезеңдерін жəне олардың мақсаттарын
талдаған.