Abstract:
Қазіргі қазақ тіліндегі мəтін синтаксисін қарастыруда сөз таптарының да мəтін байланыстырушылық сипаты ерекше екендігі байқалады. Тіл білімінде соңғы зерттеу жұмыстарының бағыты дəстүрлі құрылымдық жүйе деңгейінен асып, тіл қатысым, білім беру, таным құралы ретінде зерттеу деңгейіне көтерілді. Осымен байланысты ерекше назар аударылып зерттеле бастаған тілдік қатысым құралы —мəтін. Дəстүрлі грамматикада сөз таптарын таптастыруда оның лексика-семантикалық,морфологиялық, синтаксистік қызметтеріне көңіл бөлініп келді. Сөз таптарының тілімізде жан-жақты зерттелгені белгілі. Алайда, сөз таптарының тағы бір қыры, яғни сөйлемдердің арасын байланыстырушылық қасиеті бар екендігі ғылымда дəлелденіп отыр. Сондықтан мақалада қазақ тіл
біліміндегі морфологиялық құрылымдардың мəтін байланыстырудағы қызметі сөз болады.
Жалғаулықтарды дербес сөйлемді контекске тəуелді ету үшін жұмсағанда, олардың өздеріне тəн мағынасы даралана, айқындала түсетіні тілдік деректер арқылы көрініс береді. Жалғаулықтардың бірыңғай мүшелердің арасын, құрмалас сөйлемдердің жəне мəтін арасын байланыстырудағы қызметтері айқындалған.