Abstract:
Мақалада Көдек өлеңдерінде өзі жасаған дəуірдің қоғамдық бітімі айқын бедерленді. Ақын заманның сыр-сипатына үңіле отырып, оған өзінің тұрғы-танымдарын, байламын байыптап айтуды дəстүр тұтып, замана сыры, қорлық пен зорлық көріп, азып-тозған ел жайы, халықтың мұң-наласы мен ызакегі, арман-мұратының айнасы іспетті көркем туындылар жазды. Халық сөзін айтып, ел өмірінің жанды суретін өз өлеңдерінде бейнелеп берді. Қоғамның, əлемнің даму бағыттарын бағамдап қана қоймай, қоғамдық ой-санаға əсер етті. Оның өлеңдерінде əлеуметтік сарын молая түсіп, жан-жақты көрініс тапты.