Abstract:
Мақала-пікірде Польшаның Краков каласында жарық көрген «Қазақша-полякша сөздіктің» көлемі,мазмұны мен кұрылымы талданып, оның саяси, димпломатиялық, мəдени, біліми, ғылыми мəні мен маңызы көрсетілді. Сөздік Шығыс пен Батыстың қарым-катынасы үшін қажетті еңбек ретінде сипатталды. Аталмыш сөздіктің лексикатану тарихында алатын орны бағаланып, тілтанымдық, лингвомəдениеттік, лингвокогнитивтік, тарихи, əдістемелік жақтары да талданды. Автор 2011 ж.
жарық көрген «Қазақша-полякша сөздікті» қазіргі заманауи талаптарға сай екендігін айта келе, қостілді сөздіктің ішкі дүниесі, құрылымы əрі классикалық, əрі жаңашыл деп бағалады.