Abstract:
Мақалада Орталық Қазақстанның өсімдіктер əлеміндегі эндемиктердің таксономикалық
жəне географиялық талдауы қарастырылған. 102 түрлік 55 туысқа жəне 24 тұқымдасқа
жататындарының өсіп-өнуі анықталған. Əр түрлілікке байланысты басты тұқымдасқа
Asteraceae, Zygophyllaceae, Boraginaceae, Lamiaceae, Chenopodiaceae, Polygonaceae жатады.
Эндемиктердің санына байланысты басты туысқа Lappula, Jurinea, Linaria жəне Oxytropis
түрлері енеді. Орталық Қазақстанның оңтүстік жəне оңтүстік-батыс бөлігінде
эндемиктердің көп түрі өседі, сонымен қатар олар аймақтың солтүстік бөлігінде аз
мөлшерде кездеседі.