Abstract:
Мақалада сəулелендірілген K2SO4 сульфаттағы ақаулардың қалыптасуына екі валентті Pb2+ қоспаның əсері зерттелген. Рентген сəулесімен қоздырылған K2SO4–Pb кристалындағы ақаудың қалыптасу механизмі термобелсендірілген спектроскопия жəне рентгенлюминесценция əдістерімен зерттелді. Жарқыраудан кейінгі қармау деңгейі термоқұлшындырылған люминесценция (ТҚЛ) əдісімен анықталды. K2SO4–Pb кристалының ТҚЛ, рентгенлюминесценция жəне ТҚЛ-ның температураға тəуелділік спектрлері өлшенді.