Abstract:
Мақалада тауарлардың бəсекеге қабілеттілігі болжанатын жəне нақты бəсекеге қабілеттілік
мақсаттарына орай қарастырылған. Авторлар тауардың бəсекеге қабілеттілігін бағалаудың есептік
тəсілдері сипаттамаларының екі тобын пайдаланған: сапаның техникалық көрсеткіштері жəне
экономикалық параметрлер. Авторлардың ойынша, тауарлардың техникалық параметрлері сапалық
қажеттіліктің мазмұнын жəне оны қанағаттандыру шарттарын сипаттайтын қажеттілік
параметрлерінен (тағайындау, эргономикалық, эстетикалық жəне нормативтік) тұрады. Мақалада
экономикалық параметрлер бойынша кешенді көрсеткішті есептеу тұтынушының тауарды сатып
алуға жəне пайдалануға толық шығындарын анықтау негізінде жүргізілетіні көрсетілген. Мақала
авторлары тауарлардың бəсекеге қабілеттілігін бағалауға қойылатын талаптарын анықтаған: нарықты
зерттеу, бəсекелестердің тауарларының ерекшеліктерін, сатып алушының қажеттіліктерін зерделеу,
тауарды бағалау параметрлерін айқындау, тауарлардың бəсекеге қабілеттілік факторларын жүйелеу,
тауарлардың бəсекеге қабілеттілігін сандық бағалау тəсілдерін анықтау. Мақалада тауарлардың
бəсекеге қабілеттілігін бағалау үдерісінің көрсеткіштері жүйелі түрде топтарастырылған жəне
жіктелген: тауардың коммерциялық идеясының прогрессивтілігін көрсететін көрсеткіштер тобы;
өнімнің сапасын сипаттайтын техникалық, экономикалық жəне коммерциялық көрсеткіштер тобы;
өткізу шарттарын сипаттайтын көрсеткіштер тобы; пайдалану шарттарын сипаттайтын көрсеткіштер
тобы; тұтынушының өнімді əлеуметтік-психологиялық қабылдауын сипаттайтын көрсеткіштер тобы.
Авторлар тауарлардың бəсекеге қабілеттілігін анықтаудың көрсеткіштері бойынша нақты
қорытындылар жасаған.