Abstract:
Мақалада ауылдық аумақтардың тұрақты дамуының ерекшеліктері Қазақстан Республикасының
ұлттық жəне аймақтық саясат негізінде қарастырылған. Мақала авторларының пікірінше, ауылдық
аумақтардың даму деңгейін анықтау кезінде демографиялық, əлеуметтік, экологиялық жəне
институционалдық факторларды ескеру қажет. Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарды
жəне агроөнеркəсіптік кешенді дамыту мəселелері жөніндегі заңнамалық жəне нормативтік актілеріне
ерекше назар аударылған. Мақалада ауылдық аумақтарды əртараптандырудың басты мақсаты
олардың тұрақты əлеуметтік-экономикалық дамуы жəне оларда тұратын халықтың өмір сүру сапасын
жақсарту болып табылады. Авторлар урбандалу үдерісін күшейтуге ықпал ететін əлеуметтік жəне
экономикалық факторларды талдаған. Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарының соңғы
бес жыл ішіндегі экономика салалары құрылымының (өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы
жəне басқа да қызмет) өзгерістері қарастырылған. Авторлар экономиканы əртараптандыру үшін
ауылдық аумақтардың базалық əлеуетін атап көрсетті: арзан жер жəне табиғи ресурстар; қымбат емес
еңбек ресурстары; туризм, демалыс саласын жəне қызметтердің басқа да бірқатар салаларын дамыту
үшін табиғи ландшафттар. Авторлардың пікірінше, ауыл экономикасын əртараптандыру ауыл
шаруашылығына қатысты емес қызмет түрлерінің дамуымен байланысты, олар өз кезегінде,
экономиканың аграрлық өндіріс нəтижелеріне тəуелділігін азайтады; кəсіпкерліктің дамуына ықпал
етеді; жаңа жұмыс орындарын ашады.