Abstract:
Мақалада студенттердің өздік іс-əрекетін жоғары деңгейде қамтамасыз ету жəне дайындық сапасын
жақсарту мақсатында оқу-əдістемелік кешенді қолданып, өзіндік жұмысты ұйымдастырудың өзекті
мəселесі — студенттердің білім сапасының мониторингін жүзеге асыру қарастырылған. Яғни оқырман
назары осындай мəселелерді жүзеге асыру жолдарына аударылады. Басты мақсат жоғары білімді,
білікті мамандандыру, жаңа қалыптағы педагог қалыптастыру болып табылады. Авторлар білім беру
жүйесінің сапасы студенттердің білім деңгейіне тікелей байланысты болатынын баса айтады.