Abstract:
Зерттеудің мақсаты медициналық қызметті жалпы құқықтық жəне жеке қылмыстық-құқықтық реттеу
механизмдерін анықтау болып табылады. Мақала медициналық қызмет көрсету саласындағы
қатынастарды құқықтық реттеуге арналған. Авторлар денсаулық сақтау саласындағы қатынастарды
реттеудің негізгі мəселесін анықтайды жəне оны шешу жолдарын ұсынады. Мақаланың əдістемелік
негіздерін жалпы ғылыми, теориялық талдау, эмпирикалық зерттеу əдістері құрайды. Авторлар
«медициналық көмек» ұғымының теориялық мəнін қарастырып, Қазақстан Республикасының
заңнамасына сəйкес, медициналық саладағы құқықбұзушылық түрлеріне талдау жүргізді.
Медициналық қызметті реттейтін заңнамамен қатар, медициналық қызметті көрсетудің тəртібін
бұзғаны үшін жауаптылық мəселелеріне үлкен назар аударылған. Медициналық қызметтің сапасы мен
тиімділігін бағалау, тиісті қызмет түрлерін құқықтық реттеу бөлігіне кіретін денсаулық сақтау
саласын басқару жүйесін оңтайландыруда маңызды рөл атқарады. Мақалада медициналық қызметті
реттеуге бағытталған ұлттық заңнаманың құқықтық нормаларына ерекше көңіл бөлінеді, нормативтік-
құқықтық актілер топтарға бөлініп қарастырылды, соның негізінде емделушілердің құқықтарын
қорғау бойынша қатынастарды құқықтық реттеудегі ақаулықтар мен қайшылықтар анықталды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы Қазақстан Республикасында медициналық қызметтің құқықтық
реттелуіне кешенді құқықтық тұрғыда талдау жүргізу, емделушілер құқығын қорғауды қамтамасыз
ететін заңнамаларды жетілдіруге бағытталған ұсыныстар əзірлеу болып табылады.