Abstract:
Мақалада автор сөз əрекеттерінің ішіндегі маңыздыларының бірі болып саналатын тыңдап-
түсіну əрекетінің психолингвистикалық процестерінің шетел тілін үйретудегі маңызын
ашып көрсетеді. Тыңдап-түсіну барысында оқушының санасында орын алатын
психолингвистикалық процестерді білу шетел тілін үйретуші əрбір оқытушы үшін өте
маңызды. Ол процестер түсіну үрдісінен, оқушының санасында бұрыннан бар білімнің қайта
жаңғыруынан (schema) жəне есте сақтау ерекшеліктері мен ес түрлерінен құралады.