Abstract:
Мақалада ислам əлеміне танымал, жоғары дəрежеге ие кемеңгер ғалым Əбу Мансур əл-Матуридидің «Тəуилату əһли сунна» атты еңбегінде Құран мəтіндерін интерпретациялаудағы əдістері кеңінен қарастырылып, талқыланды. Маңызды əрі ең үлкен еңбек саналған «Тəуилатул Құран», кейде «Тəуилату əһлис сүннə» деп те аталатын. Бұл еңбек Құран аяттарымен жəне хадис мəтіндерімен түсіндірілген. Сондай-ақ ғалымның Құран мəтіндерін түсіндіру барысында тəпсір, хадис, ақида, фиқһ,
фиқһ əдіснамасы жəне логика сынды көптеген ислам ғылым саласын қамтығанын көре аламыз. Матуриди еңбегі аяттарды жан-жақты талқылауымен əрі оқырманға түсініктілігімен ерекшеленеді. Бұған қоса оның ақыл мен нақылды (діни мəтіндерді) бір еңбекте керемет ұштастыруымен де еңбектің
құндылығын көрсетеді.