Abstract:
Мақалада кəсіпорынның айналым капиталын құрудың қаржылық көздерінің жиынтығы
қарастырылған. Кəсіпорын қызметінің нəтижесіне əсер ететін коэффициенттер анықталған. Айналым
капиталына байланысты шығарылатын өнім құрылымының өзгерісін бағалауға əсер ететін əдістемелік
аппарат пен құралдар дайындалды. Кəсіпорынның айналым капиталы құрылымының өзгеруі бойынша
басқару шешімдеріне əсер ететін басты факторлар анықталды. Кəсіпорынның айналым капиталын
басқаруға байланысты тəжірибелік ұсыныстар келтірілді.