Abstract:
Қазақстан Республикасының егемендігі жылдарында университеттерде озық технологияларды белсенді түрде енгізуге көмек беру жəне ғылым мен білім саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда жоғары оқу орындарының кітапханалары нағыз ақпараттық орталықтар бола алды. Қазақстан жоғары оқу орындарының инновациялық дамуына, кітапханалық жəне ақпараттық қамту саласына бағыт беруде басты міндеттердің бірі — əлемдік жəне отандық ғылыми деректер банкілеріне кең ауқымды қатынау мен сапалы интеллектуалдық ресурстарды құру. Қазіргі уақытта тұлғаның өзін-өзі жетілдіруінде, қоғамның рухани тұрғыдан дамуында жəне өркениетті адамды қалыптастыруда жоғары оқу орындары кітапханалары белсенді рөл атқарады.
During the years of the Independence of the Republic of Kazakhstan the libraries of the higher educational institutions became the real information centers that provide the active implementation of progressive technologies and realization of state programs in the field of education and science at the universities. In the sphere of library and information support of higher educational institutions one of the main tasks directed for innovative development of higher educational institutions of Kazakhstan are expanding the access to international and domestic scientific data banks and the creation of high quality intellectual resources. Currently, academic libraries of the higher educational institutions play an increasingly significant role in self-actualization of the person, spiritual development of the society and actively participate in the forming of a civilized man.