Abstract:
Шетел тілдері мұғалімінің кəсіби қызметінің ерекшелігі одан шетел тілін оқыту саласында білім
жүйесін, дағды жəне шеберлікті меңгеруді ғана емес, сонымен қатар белгілі жеке тұлғаға тəн
қасиеттерді — кəсіби міндеттерді шешуге шығармашылықпен қарауды, өз білімін үнемі жетілдіріп
отыруға дайын болуын талап етеді. Шетел тілі мұғалімі оқыту əдістерін дұрыс қолдана білуге тиісті.
Əдістерді таңдау сабақта мұғалім қойған міндеттер мен шарттарға байланысты болады. Оқыту
əдістері оқытудың тəсілдерінен тұратын жəне оқушыларды оқытудың соңғы мақсатына жеткізуге
бағытталған, оқу процесіндегі маңызды компоненттердің бірі болып табылады.