Abstract:
Мақалада авторлар Ч.Фриз жəне Р.Ладоның аудиолингвалдық əдісінің даму тарихын қарастырды
жəне оның қазіргі əдістемеде алатын орнына тоқталып өтті. Сонымен қатар аудиолингвалдық əдісінде
қолданылатын оқыту мазмұны, əдістемелік қағидалары мен тəсілдері талданған. Оқытудың негізгі
мақсаты ретінде Ч.Фриз жəне Р.Ладо шетел тілін жан-жақты меңгеруді атап көрсетеді, яғни ауызша
жəне жазбаша тілдесудің барлық түрлерін меңгеруді.