Abstract:
Мақалада қазіргі заманғы ақпаратты қоғам жағдайында білім беру процесіндегі компьютерлік
технологияның рөлі қарастырылған. Ақпараттық технологияларды білім беру процесінде қолдану
оқыту процесін жаңғыртуға жəне тиімді өткізуге; оқыту процесін басқарып саралауға; ақпараттық
технологиялардың мүмкіндіктерін қолдануға; оқушылардың өзіндік оқып-үйренулерін
ұйымдастыруға; оқыту процесінде көпдеңгейлік, варианттілік, тұлғалық бағыттарды қамтамасыз
етуге; зерттеу жұмыстарында ақпараттарды талдау дағдысын қалыптастыруға; ой-өрісін кеңейтуге,
коммуникативті біліктілігін қалыптастыруға мүмкіндік береді.