Abstract:
Мақала студенттердің жобалау мəдениетін кəсіби қызметінің бөлігі ретінде қалыптастыру мəселесіне
арналған. Болашақ мамандарда жобалау мəдениетін қалыптастыру шарттарының біріне жобалауға
үйрету жатады. Тұлғалық бағытталған тиімді педагогикалық технологиялардың ішінен білім берудің
жаңа мақсаттарын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, сондай-ақ еңбек нарығының талаптары
өзгермелі жағдайында бəсекеге қабілетті маман даярлауды қамтамасыз ететін жобалауға оқыту
технологиясына негіздеме жасалған. Авторлар жобаны кезеңдерге бөліп орындауды қарастыратын
жобалау əдісіне негізделген оқыту əдістемесін келтірген.