Abstract:
Мақалада мамандарды бейіндік мектеп жағдайында кəсіпкерлік іс-əрекет негіздерін оқытуға даярлау
мəселелері қарастырылған. Бұл жағдай жалпы білім берудің жоғары сатысында бейіндік оқытуға
көшіп отырған бүгінгі таңда өте көкейтесті. Кəсіпкерлік іс-əрекет түрлері талданған. «Бейіндік
оқыту», «бейіндік мектеп» ұғымдарының мағынасы ашылған. Бейіндік мектепте кəсіпкерлік
негіздерді ұйымдастырудың кейбір өзекті бағыттарын жетілдіру тəсілдерінің мазмұны айқындалған.