Abstract:
Бұл мақалада «қалмақ» этнонимінің шығу тегі мəселесі қарастырылады. Қалмақтарға қатысты тарихи құжаттар мен дереккөздерге талдау жасалынады. Сонымен қатар «қалмақ» этнонимінің шығу тегі мəселесі бойынша монғолтанушылардың еңбектері талқыланады. Төменгі Еділ жəне Каспий бойында қалмақ халқының қалыптасу үрдісі екі ғасырға созылды (XVI ғ. аяғы –XVIII ғ. ортасы). Қалмақ хандығының құрылуы қалмақ халқының өзіндік санасының дамуы мен бекуіне ықпалын жасады. «Ойрат» атауы түркітілдес көршілері берген «қалмақ» атауымен біржолата ығыстырылады.