Abstract:
Исламның Қазақ даласына енуі мен таралуы, орта ғасырлардағы жергілікті қоғам үрдісінің қалыптасуы — қазіргі уақытқа дейін шешілмей отырған үлкен мəселе. Қазіргі таңда бұл тарихи кезеңді зерттеуге үлкен мəн беріліп отыр. Ұлы қазақ даласының орта ғасырлардағы жергілікті ислам
тарихының болмысын зерттеп-зерделеуге кедергі болып отырған бірінші тосқауыл — деректердің тапшылығы. Ал сол заман еншісіне тиесілі уақытта жазылған деректердің орта ғасырлардағы көне қалаларымыз жəне көрші өңірлердегі жергілікті қоғамның қарапайым тұрғындарынан бастап, ғұлама-
ғалымдар, мемлекет қайраткерлері, хан-сұлтандар, олардың ұстанған діни бағыттары, мəдени көзқарастары, əлеуметтік жəне саяси хал-ахуалдарынан мол мəліметтер беруде маңызы жоғары.