Abstract:
Жалпы білім беретін орта мектептегі геометрия пəнінің «Стереометрия» курсын оқытуда ақпараттық
технологияларды қолдану жаңа мүмкіндіктер туғызуда. Сол ақпараттық технологияларға арналған
бағдарламалық өнімдер сипатына қарай қолданылатын бағытына сай болуы қажет. Мақалада бірнеше
бағдарламалық өнімдер сипатталып, олардың мүмкіндіктері қарастырылды. Сонымен қатар арнайы
бағдарламаны қолдану арқылы сабақ өткізу үрдісінде болатын тиімділіктер талданған. Дəстүрлі оқыту
мен ақпараттық-техникалық құралдарды қолданып, оқытудың айырмашылықтары мен
артықшылықтары сабақтың əрбір кезеңі үшін көрсетіліп толық, баяндалды.