Abstract:
Мақалада ортағасыр дəуірінде ислам ғылымын өз дамуының биік шыңына көтерген əл-Фарабидің «Мемлекет басшысының нақыл сөздері» атты еңбегіне ғылыми талдау жасалған. Авторлар ортағасырдағы ислам өркениетінің барлық жетістіктеріне, сондай-ақ ғылым, білім, мəдениеттердің алға өрлеуіне Орталық Азия түріктерінің де қосқан үлесіне тоқталған. Əл-Фараби өз еңбектерде дүние, қоғам, мемлекет, адамдардың қатынастары туралы заманнан озық тұрған пікірлер, пайымдаулар
айтады. Əл-Фарабидің еңбектері күні бүгінге дейін өз мəн-маңызын жоғалтқан жоқ. Оның мемлекет, ел басқару жөніндегі тұжырымдары, əлеуметтік-этикалық, саяси көзқарастары бүгінгі қоғам үшін де айрықша маңызды болып табылатына назар аударылып отырған. Авторлар ежелгі түркілердің «Мəңгілік Ел»
идеясын тарихи-саяси жəне теориялық тұрғыдан негіздеп, бұл идеяның ортағасырларда өміршең болуына əлемнің екінші ұстазы атанған əл-Фарабидің іргелі еңбектері себепші болғандығын ғылыми тұрғыдан дəлелдеген. Сондай-ақ əл-Фарабидің еңбегінде «Мəңгілік Ел» идеясының ғылыми-теориялық жəне тарихи
сана тұрғысынан негізделгендіктен, бұл идеяның өміршең болып, бүгінгі күнде Қазақстан Республикасының ұлттық идеясына айналып отырғанына арнайы тоқталған.