Abstract:
Қырғыз-қазақ халықтарының бейнелеу өнері саласы дəстүрлері арқылы студенттердің
шығармашылық іс-əрекеттерін жетілдіру маңызы қарастырылған. Жоғары білім беру жүйесінде
болашақ өнер мамандарының шығармашылық іс-əрекеттерін жетілдіруге қатысты өнердегі дəстүр
сабақтастығы, қазіргі заманғы түбі бір, діні, ділі бір халықтардың көркемөнер мəдениеті ғылыми-
өнертанымдық тұрғысынан зерттелген. Студенттердің қырғыз-қазақ халықтар мəдениеті жəне өнері
негізінде өнертанымдық қабілеттерін жетілдіруге бағытталған байланыстардың маңыздылығы
айқындалған. Бұл бағыттағы оқытушылар мен студенттердің өнерді оқыту саласындағы қазіргі
мүмкіндіктерінің оқу үдерісінде толық ашылуы əдістемесі көрсетілген. Өнерді оқыту əдістемесі мен
оқу бағдарламаларының сəйкес келуі жəне түркі тілдес халықтары мемлекеттерінің өнер тарихын
оқытуда оқу жоспарын жақындастыру, бірыңғай ету жайлы жолдар ұсынылған.