Abstract:
Мақалада бүгінгі күндері жиі қолданылып, алайда зерттеушілердің назарларынан тыс қалып отырған, «руханият» ұғымы зерттеу нысанына алынған. Оған түрткі болып отырған себеп, қазақ əдебиетіндегі діни-ағартушылық ағым өкілдерінің шығармашылығына арқау болған «рух», «рухани», «руханият» ұғымдарының мағыналарын қалай түсіну керек, мəтіндердегі рухани контексті қалай айырып алу
керек сынды мəселелері қарастырылды. Зерттеу нысаны ретінде діни-ағартушылық ағымның көрнекті өкілі Шəді Жəңгірұлы шығармашылығы алынып, оның туындыларындағы рухани контексті зерттеу үшін мүмкіндік беретін теориялық негіздер қалыптастыруға əрекет жасалды. Зерттеу аясында «руханият» ұғымына байланысты зерттеулер жасаған Нұртас Оңдасынов пен Дихан Қамзабекұлы сынды əдебиеттанушы-ғалымдардың этимологиялық анықтамалары мен пікірлері келтірілді. Пікірлер тек біржақты болмауы үшін жалпы ұлттық танымдағы руханият туралы түсіктер мен теолог-ғалым Құрбанəлі Ахметтің талдаулары мен тұжырымдарымен де қамтылды. Шəді ақының діндарлығын ескере отырып, «руханият» ұғымының діни мағынасын ашуға барынша назар аударылды. Əдебиетші Ринат Фаритов пен жазушы Лев Толстойдың руханият туралы толғамдарымен келтірілді. Соңында Шəді Жəңгірұлының өмірбаянын, əдеби ортасын, діни ұстанымын, шығармашылығын ескере отырып, рухани контексті ретінде нені түсіну керек екені жайлы тиісті ойлар айтылды.