Abstract:
Мақалада Мұхтар Мағауиннің «Аласапыран» тарихи дилогиясының мол этномəдени ақпараттан тұратын прецеденттік мəтін ретіндегі ерекшелігі туралы сөз қозғалды. «Прецеденттілік» ұғымының мəніне назар аударылды, сондай-ақ аталмыш ұғымды зерттеген ғалымдардың еңбектеріндегі «прецеденттік мəтіннің» классификациясына сүйене отырып, романдағы прецедентті феномендер зерделенді. Осы ретте прецедентті есім, прецедентті оқиға (ситуация), прецедентті айтылым сияқты романдағы прецеденттік феноменнің мысалдары талданды. Шығармадағы прецедентті феномендердің қолданылу мақсаттары айқындалады. Романдағы этномəдени ақпарат тарихи баяндаудың стильдік
тəсілі, прецедентті мəтін ретіндегі ерекшелігі екеніне аса мəн берілді. Атап айтсақ, жазушының шығармада прецедентті феномендерді тарихи шындыққа көз жүгірту, ұлттық колоритті жеткізу, эмоционалды-экспрессивтік мағына беру, оқырманның дүниетанымын кеңейту, шығармадағы этномəдени ақпараттың көрсеткіші ретінде қолдануды мақсат тұтқандығы анықталады. Мақала авторлары романда этномəдени ақпаратты құрайтын прецедентті феномендер тек тілдік қана емес, сондай-ақ қоғам мен тілдік санада болып жататын мəдениеттанулық үдерістерді білдіреді деген тұжырымға келді.