Abstract:
Мақала тіл мен ойлаудың өзара қарым-қатынасы мəселесіне, атап айтқанда, менталдылықты білдірудің вербалды құралдарын зерттеуге арналған. Этникалық менталитет — халықтың рухани, экономикалық, этникалық жəне тарихи дамуының барлық қиындығы бар ерекше белгілер мен мінез-құлық жиынтығы. Қазіргі заман дəуірінде мəдениетаралық байланыстардың қарқындылығына байланысты, негізгі мəдени проблемалардың бірі — халықтардың ұлттық өзіндік болмысын жоғалтуға қатысты мəселе туындайды. Мұндай құбылысқа жол бермеудің ең жақсы кепілі — ұлттық
менталитеттердің туындысы ретінде қайталанбас ойлау қоймаларының көрінісі ретінде ұлттық тілдердің өзін-өзі бағалауын ұғыну болып табылады. Тіл мəдениет феномені ретінде құндылықтар жүйесін, көңіл-күйді, бағалауды белгілейді жəне көрсетеді, яғни, қандай да бір мəдениетті тасымалдаушы бейнесінің жүйелілігін анықтайды. Тілдік ментализм типтерін зерттеу мінез-құлық стереотиптері адамдардың санасында қандай да бір халық үшін тəн барлық белгілер кешеніне қатысты бар стереотиптермен қалай тұйықталатынын жəне оның менталитетінің негізін құрайтынын түсінуге мүмкіндік береді.