Abstract:
Зерттеудің мақсаты Қазақстан Республикасындағы саяси партиялардың конституциялық-құқықтық
жауапкершілігін кешенді қарау, осы жауаптылықтың басталу негіздері, заң актілерінде көзделген
құқықбұзушылықтар жасалған жағдайда саяси партиялар үшін салдарлар болып табылады. Зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне жалпы жəне жеке əдістердің тұтас кешенін пайдалану арқылы
қолжеткізілді. Жұмыста жеке əдістер, мысалы, формалды-заңдық, құқық нормаларының сипаттамасынан, құқықтық ережелер жүйесінен, заң тəжірибесін ұсыну, талдау жəне қорыту;
фактілерді, құбылыстар мен процестерді тану, талдау жəне жіктеуге негізделген, құжаттық əдіс,
бағалау əдісі қамтылған нақты-əлеуметтік əдістер қолданылды. Шетелдік заңнаманы қарап, саяси
партиялардың жауапкершілігіне қатысты конституциялық-құқықтық құжаттардың кейбір баптарының
мазмұны айтарлықтай қатаң сипатта екені анықталды. Мақалада Қазақстан Республикасындағы саяси партиялардың өкілдері мен мүшелері арқылы жауапкершілігін белгілейтін нақты қылмыстық-
құқықтық жəне əкімшілік-құқықтық нормалар талданды. Əкімшілік жəне сот бақылауын жүзеге
асыруға байланысты мəселелер, сонымен бірге өкілді жəне сот билігі органдарының Қазақстан
Республикасы саяси партияларының құрылымдық жəне аумақтық бөлімшелерінің қызметін бақылау
функцияларын жүзеге асырудың нормативтік-құқықтық аспектілері қаралды. Сонымен қатар
Қазақстанның саяси партияларының сайлау заңнамасын бұзғаны үшін конституциялық
жауапкершіліктің басталу нормалары қарастырылды.