Abstract:
Мақалада Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы қолданыстағы заңнамасының нормаларына жəне құқыққолдану тəжірибесіне талдау жүргізу негізінде тұтынушылардың құқықтарын іске асыру жəне олардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру мəселелері айқындалды. Зерттеушілік жұмыстың мақсаты тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың құқықтық тетігін зерттеу жəне оның тиімділігін арттыру жолдарын ұсыну болып табылады. Мақалада автор бес негізгі мəселені көтерді, олардың əрқайсысын жеке талдайды, оларды шешудің жолдарын нұсқайды. Заңнама нормаларына жүргізілген талдаудың негізінде автормен тұтынушылардың соттық қорғану құқығын іске асыруға жəне бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге кедергілер айқындалды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы Қазақстан Республикасында тұтынушылар құқығын қорғаудың теориялық жəне тəжірибелік мəселелеріне кешенді зерттеу жүргізу, тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін заңнамаларды жетілдіруге бағытталған ұсыныстар əзірлеу болып табылады. Зерттеу нəтижесінің қорытындылары мен ұсыныстарын келешекте тұтынушылардың құқықтарын қорғаумен байланысты қатынастарды құқықтық реттейтін ұлттық заңнамалардың тиімділігін арттыру мəселелерін одан əрі зерттеуде, сонымен қатар заң шығарушылық жəне құқық қолдану тəжірибесін жетілдіру мақсатында пайдаланылуы мүмкін.