Abstract:
Мақалада адамның мəдени құқықтарын қорғаудың халықаралық жəне мемлекетішілік құқықтық тетіктері мен факторлары, осы мақсатқа қолжеткізу тиімділігіне əсер ететін мəселелер қарастырылды. Адамның мəдени құқықтарын қорғау мəселелері қазіргі уақытта ғылым мен практикада ең өзекті жəне сұранысқа ие тақырыптардың бірі, бұл олардың ғылыми негіздемелерін талап етеді. Автор атап өткендей, алғашқы рет отандық ғылымда адамның мəдени құқықтарын қорғау бойынша негізгі ұлттық тетіктер жəне оларды жүзеге асыру қағидаларын кешенді зерттеу жүзеге асырылған. Мақалада БҰҰ шеңберінде əрекет ететін адам құқықтары жөніндегі негізгі халықаралық келісімдер, соның
ішінде адамның мəдени құқықтарын қорғаудың əмбебап жүйесі талданды. Осы жүйедегі
қолданыстағы кемшіліктерді атап өтіп, оның тиімділігін арттыру үшін шаралар ұсынды. Зерттеу нəтижесінде адамның жəне азаматтың мəдени құқықтары мен бостандықтарын қорғау қажеттілігі дəлелденді. Қазақстан Республикасында, сондай-ақ шет елдердегі адам жəне азаматтардың мəдени құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың конституциялық - құқықтық тетіктеріне компаративті-құқықтық талдау жүргізілді. Мақала адамның жəне азаматтың мəдени құқықтары мен бостандықтарын қорғау субъектілерінің негізгі сипаттамаларын айқындайды жəне ашып көрсетеді. Жұмыста Қазақстан Республикасындағы адамның жəне азаматтың мəдени құқықтарын қорғаудың өзекті мəселелері қаралды. Жоғарыда айтылғандай, адамның мəдени құқықтары мəселелерін тиімді шешу үшін, ұлттық заңнама жеткіліксіз əзірленген. Мақала авторы үшін адамның мəдени құқықтары мен бостандықтарын қорғауды жүзеге асыру үшін тетіктер құру, заңнамалық реттеу мəселесін анықтау жəне талдау қызығушылық танытты.