Abstract:
Мақалада адамды саудаға салумен күрестің өзекті мəселелерінің бірі — адамды саудаға салудың шетелдік заңнамаларда реттелу ерекшеліктеріне назар аударылды. Мақалада халықаралық құқықтық аренадағы адам саудасына қатысты, адам саудасына қарсы тұру мен қазіргі заманғы құлдық түріне ұшырағандарға көмек көрсетуге бағытталған бірқатар шет мемлекеттердің заңнамалық-құқықтық базасы зерттелді. Бұл орайда негізгі ерекшелігі, адам саудасына қатысты көптеген елдердегі қылмыстық-құқықтық нормалар «əр елдің салты басқа» болуына байланысты өзге елдің құқықтық жүйесіне өзгеріссіз тікелей енгізуге болмайды. Адам саудасына қатысты Конвенциялар мен арнайы органның (Халықаралық миграция ұйымының – Трафикке қарсы бөлімінің) болуына, мемлекеттердің қылмыстық кодекстерінде арнайы норманың болуына қарамастан, аталған феномен бүкіл əлемге тарап, əлемдік қоғамдастықтың алаңдаушылығын тудырды. Мақалада адам саудасы қылмыстық құқық бұзуларының алдын алу практикалық жағына, адам саудасы мен оның құрбандарына, қылмыскерлерге қатысты, оның масштабына қатысты мəліметтердің жүйеленуіне, жаза жəне жаза жүйесін қайта қарау бағытында жұмыстар жүргізілуі қажеттілігін тұжырымдадық. Авторлар адам саудасына қатысты деректер тек қана статистикалық мақсаттарда жинақталып, сыртқы мүдделі тараптар үшін қатаң шектеу қойылуын дұрыс деп қорытындылайды. Жəне адам саудасымен күрес бойынша халықаралық ынтымақтастық əрі қарай да нығайтуды қажет етеді. Ол, өз кезегінде, мəселенің мəні мен осы бағыттағы нормалардың əрекет ету механизмдерін түсінуге, мықты заңнамалық база қалыптастыруға мүмкіндік береді.