Abstract:
Мақалада қазақтардың құқықтық институттары мен дəстүрлерінің түрлі формалары, билер сотымен қатар, іс атқарған, тəуелсіз жəне баламалы құқықтық əдіске айналған ақсақалдар соты, аралық соттар зерттелдi. Құқықтық мəртебесінде кездейсоқ саналған бұл соттар қарапайым рəсімдерді əлеуметтiк мiндеттемелер құралына айналдырып, əрбір қатысушы үшін іс-шара саласын жəне дұрыс мiнез-құлық нормаларын анықтайтын тəуелсіз құқықтық институт ретінде сақталды. Халқымыздың көпқырлы тарихын қабылдай отырып, адат пен шариғаттың дəстүрлі құқықтық қатынастарын билер соты құрылымында терең зерттеу біз үшін аса маңызды болып табылады. Еңбектің негізгі қағидалары құқықтық көптүрлілік теориясына, қазақтың кəдуілгі құқық мəселелеріне арналған қазақстандық, ресейлік авторлар мен кейбір ағылшын зерттеулеріне сүйенеді. Аталған мəселеге қызығушылық танытудың себебі социум ішіндегі қарым-қатынас этикасын, оның қағидаттарын қалыптастыру мен атқару барысында қазақтардың құқықтық мəдениеті мен этикалық норма формаларын қайта қалпына келтіруді қамтамасыз етудің тиімді құралы бола алатын жəне барынша толық ақпарат беретін құжаттарды кеңірек жариялау сұранысының өзектілігіне байланысты. Зерттеу қорытындылары тарихи, антропологиялық жəне мəдени үйлесушіліктерге негізделе отырып, аталған мəселеге өзіндік көзқарас тұрғысынан дəйекті пікір білдіруге мүмкіндік береді. Соңғы жылдары елімізде орын алған тарихи маңызды оқиғаларға байланысты қоғамда дау-жанжалдарды шешу, сонымен бірге тараптарды бітістіру барысында пайдалану мүмкіндігін беретін қазақ халқының адами құндылықтарын қайта
жаңғырту міндеттері қазақтардың құқықтық институттарын, кəдуілгі құқық нормаларын зерттеуді қажет етеді.