Abstract:
Мақалада Алаш партиясының мүшесі, педагог, жазушы Сейітбаттал Мұстафиннің өмірі мен қызметі
суреттелген. Əсіресе оның оқыту-педагогикалық қызметіне айрықша назар аударылған. Оның «Абай»
журналын шығарудағы рөлі, осы журналда жарияланған мақалаларды талдап қарастырғаны, сондай-
ақ «Айқап» журналында жəне «Алаш» газетінде жарық көрген мақалаларды талқыға салғаны туралы
сөз қозғалған. Мақала авторы Исатай жəне Махамбет бастаған көтеріліске қатысушы халық ақыны
Шернияздың өмірі мен қызметіне арналған «Шернияз» повесіне баға берген. Алаш қозғалысына
белсенді атсалысқан осынау бірегей тұлғаның шығармаларын болашақта барынша тереңірек зерттеу
қажеттігі негізделген.