Abstract:
Мақала авторлары қазіргі таңдағы шешуі күрделі мəселелерді алға тартып, өзіндік ұсыныстарымен
қоса, іс-тəжірибелік, əдістемелік кеңес құруды жөн көрген. Қазақтың халық ауыз əдебиетін арнайы
оқулық ретінде оқытып, оның оқушыларға тіл үйретуде зор көмегі тиетініне сеніммен қарайды.
Қазақтың əдет-ғұрып, салт-дəстүріне байланысты ашық семинар сабақ жүргізуді үлгі ретінде
көпшілікке тарту еткен. Тіл үйретуге басқа пəндердің көмегі тиіп, мəселен, Қазақстан тарихы, геогра-
фиясы қазақ тілінде жүргізілуін қалайды. Қазақтың бай салт-дəстүрі мен əдет-ғұрыптарын əрбір ұлт
өкілі білуге тиіс екендігін жəне олардың білуге міндетті екендігін басып айтқан. Тіл үйрету мəселесі
жалпы халықтық деңгейде жүргізілу керектігіне тоқталған.