Abstract:
Мақалада қазақ тілін оқытудың көптілді топтардағы мəселелері қарастырылды. Оқытушының химия
факультетінің студенттерін қазақ тіліне оқыту бағдарламасына арналған əдістік, кəсіби бағытталған
тəжірибесі ұсынылды. Сондай-ақ лексиканы терминдік жəне кəсіби тұрғыдан зерделеудің,
синтаксистік құрылымды, мамандыққа сай мəтіндермен жұмыс істеуді, студенттердің ауызша сөйлеу
тілін дамытуды ашып қарастыратын əдістемелік нұсқаулары берілген. Кəсіби тілді дамытуды,
мəтіндермен əр түрлі жұмыстар істеуді нақтыланған мысалдар арқылы қарастыру практикалық
жұмыстармен негізделді.