Abstract:
Мақала XIX ғасырдың алғашқы жартысындағы көрнекті ақын Дулат Бабатайұлының өмірі мен
шығармашылық қызметіне арналған. Философ-ақынның шығармаларында өзі өмір сүрген кезеңнің
маңызды мəселелерін қалай жырлағаны көрсетілген. Ақынның адамзат өміріндегі жəне табиғаттағы
болып жататын өзгерістерге өз пайымдық сипаттамасын беруге ұмтылысы баяндалған. Парыз, ар-
ождан, мораль жəне адамгершілік мəселелері бойынша ақынның ой-толғамдарына көңіл бөлінген. Ду-
лат Бабатайұлының көптеген қанатты сөздердің, шұрайлы өрнексөздердің, шешендік шиырларының,
философиялық түюлердің-толғаулардың авторы екендігі айрықша дəріптелген. Отандық поэзия
тарихындағы ақын мұрасын айшықтандыратын оның өз туындыларына ғана тəн ерекше қасиет - өлең
өлшеулерін түрлендіруі екендігі дəлелденген. Дулат жырау өз заманының үлкен ойшыл болғандығы
пайымдалған.