Abstract:
Мақалада қазақ тіліндегі этнофразеологизмдердің көркем мəтіндегі қызметі, этнос табиғатымен
тікелей байланыстылығы, фразеологиялық бірліктердің ерекше қолданыста болатындығы
қарастырылған. Мұндай фразеологизмдерде ұлттық таным, психология, менталитет, халықтың дəстүрі
көрініс береді. Этнофразеологизмдер тілдің мəдениетпен байланыстылығы айқын көрінетін тіліміздегі
лексиканың бай қайнар көзі болып табылады. Автор жиі қолданылатын этнофразеологизмдердің
сипатын көркем мəтіннен алынған нақты мысалдар арқылы көрсеткен.