Abstract:
Монографияда Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы шеңберіндегі аймақтық қауіпсіздік мəселелері қарастырылады. Автор ШЫҰ құрылу кезеңінен бастап қазіргі уақыт аралығындағы ұйымның аймақтық қауіпсіздік саясатының қалыптасуы мен дамуын зерттейді. ШЫҰ-ның аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қызметінің негізгі бағыттарына, Ұйымның негізгі құжаттарына талдау жасайды. Сонымен бірге Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің
мəселелеріне сарапталып, ШЫҰ-ғы Қазақстанның бастамалары мен атқаратын рөлі зерттеледі.
Студенттер, магистранттар жəне оқытушыларға, аймақтық жəне ұлттық қауіпсіздік мəселелеріне қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған.