Abstract:
Мақалада бейресми есімдердің, нақтырақ айтқанда, бүркеншек жəне лақап есімдердің тарихи
негіздері қарастырылды. Тарихи даму барысында адам есімдері де өзгерістерге ұшырап отырады.
Зерттеу еңбектеріне сүйене отырып, мақала авторы қазақ тіліндегі бейресми есімдердің қалыптасу
тарихын барлауға талпыныс жасады. Халық ауыз əдебиеті үлгілерінен алынған тілдік материал
негізінде қазақша бүркеншек жəне лақап есімдерді талдау барысында кісі есімдерінің ұлттық болмыс
пен ұлттық сананың маңызды бөлігі болып табылатынын дəлелдеді.