Abstract:
Мақалада қазақ тіліндегі ғылыми-техникалық терминдердің қалыптасу тарихы мен даму
ерекшеліктері қарастырылды, себебі ғылым мен техниканың дамуы əр сала терминдерінің жасалуын
талап етеді. Мақала авторы қазақ тіліндегі техникалық терминдердің қалыптасу тарихын төрт кезеңге
бөліп қарастырды. Əр кезеңдегі техникалық терминдердің жасалу жолдары мен тəсілдерін, даму
ерекшеліктерін сипаттай келе, олардың терминжасам тəсілдерінің барлық түрлері арқылы
қалыптасқанын дəлелдеді.