Abstract:
Мақалада модальділік категориясы (санаты) психолингвистикалық тұрғыдан талданған.
Қолданыстағы кейбір жеке морфологиялық тұлғалар мен сөйлемдердің модальділік мəнін ажырату
қиындыққа соғады. Автор негізгі деректерге сүйеніп, психолингвистикадағы кодтаушы, декодтаушы
контекст көмегімен лингвистикалық талдау қажеттігін көрсетті, сондай-ақ психолингвистикалық
тұрғыдан сөйлемнің негізгі қызметін анықтау үшін мəнмəтінаралық салыстырулардың қажеттігін,
сыртқы экстралингвистикалық ықпалдың əсерін жан-жақты салыстыру керектігін дəлелдеді.