Abstract:
Мақалада мақал-мəтелдердің уəжділігі мəселесі қарастырылды. Сонымен қатар мақал-мəтелдердің
қазақ тіл білімінде зерттелу тарихына қысқаша шолу жасалды. Ұлттың өзіндік ерекшелігін
айқындайтын халық даналығының мол қазынасы — мақал-мəтелдерді талдау қоғамның ерлер мен
əйелдерді қабылдауы жəне олардың қоғамдағы орны мен рөлін анықтайтын стереотиптерді көрсетуге
мүмкіндік берді. Авторлар қазақ тіліндегі мақал-мəтелдердің пайда болуына қоғамдық-əлеуметтік
жағдаяттардың əсерін қарастырып, мақал-мəтелдердің уəжділігін гендерлік тұрғыдан түсіндіруге
талпыныс жасады.