Abstract:
Жинақта ХVІІ ғасырдың соңы мен ХVІІІ ғасырда өмір сүрген танымал тұлға, өз заманының озық қайраткері Бұқар жырау Қалқаманұлының шығармалары мен сол заманның тарихы сабақтастырыла зерттеліп берілген. Сондай-ақ, жырау шығармаларының əдеби көркемдік сипаты жан-жақты талданған. Еңбек жыраудың өмірі мен туындыларына арналған көлемді де күрделі зерттеу болып табылады.