Abstract:
Мақала авторы мемлекет, қоғам қайраткері ғана емес, пайымды публицист Тұрар Рысқұловтың ХХ
ғасырдың алғашқы жəне екінші жартысында Қазақстанда, Өзбекстанда, Мəскеуде жарық көрген
кейбір еңбектерінің мазмұнын қысқаша баяндап, талдау жасап, көтерген тақырыбына қарай жіктейді.
Т.Рысқұловтың жарық көрген еңбектерін уақыт, кезеңге байланысты саралайды. Сондай-ақ
Т.Рысқұлов еңбектеріне қатысты біржақты пікірлерге қазіргі кездердегі кейбір тарихи құжаттар
арқылы жауап іздейді. Т.Рысқұловтың тарихи публицистикалық еңбектеріне бүгінгі күн тұрғысынан
жаңадан жіті қарау керектігін айтады.