Abstract:
Монографияда 1970-80-жылдары қазақ прозасындағы адам
концепциясы қазақ көркем ойының тарихындағы адам мәселесімен байланыста қарастырылады. Ұлттық
әдебиеттегі адам мен табиғат, адам мен қоғам, адам мен адам сынды түрлі қарым- қатынастық жүйелер
сөз етіле отырып, ХХ ғасыр соңы қазақ прозасындағы дәстүр жалғастығы, адамның әлеуметтік және
рухани-психологиялық қырларына қатысты эстетикалық жаңаша көзқарастар ғылыми тұрғыдан арнайы
зерттеледі.
Кітап жоғары және арнаулы орта оқу орындарының қазақ тілі мен әдебиеті студенттеріне,
магистранттарына, мектеп мұғалімдеріне, әдебиеттанушылар мен жалпы әдебиет сүйер
қауымға арналған.