Abstract:
Мақалада С.Сматаевтың «Елім-ай» тарихи роман-трилогиясында тарихта болған би-шешен, батырлар
бейнесі арқылы ұлттың рухын ояту, азаттық идеясын дəріптеу, отансүйгіштікке тəрбиелеу сияқты
қаламгердің ұстанымы сөз болды. Тарихи тұлға бейнесінің оқырманға əсері, берер тəлім-тағылымы,
ұрпақ тəрбиесіндегі рөлі — мақаланың идеялық қазығы. Романда жазушының авторлық ұстанымы
мен ұлттық идея проблемаларын көтеруге алғышарттар жасалды.